28.12.2009, 16:56 5598

Қазақстан парламенті 2009 жылы 121 заң қабылдады

Қазақстан парламенті 2009 жылы 121 заң қабылдады

Астана. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан парламенті 2009 жылы 121 заң қабылдады. Бұл туралы бүгін парламент сенатында палатаның 2009 жылғы жұмысының қорытындысы бойынша өткен дәстүрлі брифингте палата аппаратының басшысы Мұрат Нұртілеуов хабардар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"2009 жылғы қаңтардан бері парламент сенаты 31 жалпы отырыс өткізді, онда палата бюросының ұсынысы бойынша мәжіліс мақұлдаған 123 заң жобасы қаралды. Қазіргі кезге дейін 121 заң қабылданды, олардың 10 дербес заң болып отыр",- деді ол.

Анықтама ретінде айта кетер болсақ, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс, 2010-12 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы, тауар биржалары туралы, Ұлттық әл-ауқат қоры туралы, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы, заңсыз жолмен алынған кірістерді жылыстату мен терроризмді қаржыландырудың алдын-алу туралы, Ұлттық қордың кепілдендіріген трансферттері туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы, босқындар туралы, әйелдер мен ерлердің тең құқықтары туралы, сот-сараптама қызметі туралы заңдар қабылданды.

Осы мерзім ішінде сенат 43 халықаралық келісімдер мен шарттарды ратификациялады.

Депутаттар корпусының бастамасымен әзірленген 6 заң жобасы қабылданды.

Жыл ішінде қолданыстағы 67 заңға түзетулер енгізілді.

Үстіміздегі жылдың басынан бастап Сенат депутаттары алуан түрлі көкейкесті мәселелер бойынша Премьер-министр мен басқа да мемлекеттік органдар басшыларының атына 170-ке жуық депутаттық сауалдар жолдады.

Палата сондай-ақ Сенатта ерекше қаралатын мәселелерді де қарады. Атап айтқанда еліміздің президенті палатаның келісімі бойынша республиканың Бас прокурорын, ҰҚК төрағасын тағайындады. Сондай-ақ президенттің ұсынымдары бойынша палата Жоғарғы соттың төрағасы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьяларын сайлады.

Тек биылдың өзінде халықаралық парламенттік ұйымдар мен шет елдердің заңнамалық органдарының 24 делегациясы Қазақстанда ресми және жұмыс сапарлармен болды.

1-2 шілдеде Астанада Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Үшінші съезі болып, бұл шараға 77 делегация келді. Съезге барлығы 300 делегат қатысты.

Үстіміздегі жылғы мамыр айында Астанада НАТО Парламенттік Ассамблеясының "Роуз-Рот" парламентаралық семинары болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны