17.04.2007, 12:08 1314

Қазақстан парламенті әуе қатынастарындағы транзит жөніндегі келісімді бекітті

АСТАНА. 17-сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары "Қазақстанды халықаралық әуе қатынастарындағы транзит жөніндегі келісімге біріктіру туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясының шешімін мақұлдады ,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Комиссияның шешіміне сәйкес заң енді "Қазақстан Республикасының халықаралық әуе қатынастарындағы транзит жөніндегі келісімді бекітуі туралы", деп аталады.

Келісім халықаралық тұрақты әуе тасымалын дамытуға септігін тигізеді.

Келісімнің ережелері азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне бағытталған тараптардың кез-келген әрекетіне шектеу қоймайды. Келісуші мемлекет екінші елдің авиакәсіпорны кәсіпорын заң бұзған немесе келісімдегі міндеттемелерін орындамаған жағдайда рұқсат бермеу немесе берілген рұқсатты қуатсыз ету құқығына ие болмақ.

Құжат ережелеріне сәйкес, келісуші жақтар келесі тарапқа өз аумағы арқылы қонбай ұшып өтуге, коммерциялық емес мақсатпен қонуға артықшылық береді.

Қазақстанның бұл келісімге бірігуі ел аумағы арқылы халықаралық әуе рейстері жасайтын транзиттен қосымша кіріс табуға мүмкіндік береді.

Заң мемлекет басшысының қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны