22.01.2015, 15:49 3852

Қазақстан Парламенті ҚР Еӊбек кодексіне енген түзетулерді қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатыныӊ жалпы отырысында сенаторлар Қазақстан Республикасыныӊ "ҚР Еӊбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊ жобасын қабылдады.

Астана. 22 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатыныӊ жалпы отырысында сенаторлар Қазақстан Республикасыныӊ "ҚР Еӊбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊ жобасын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

Заӊ жобасы "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" ҚР Заӊын іске асыру мақсатында дайындалды, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Заӊ жобасы арқылы жастарды жұмыспен қамту бойынша әлеуметтік мәселелерді шешу қарастырылған. Осы орайда ҚР Еӊбек кодексіне, соныӊ ішінде жұмысқа алғаш орналасқан жас маманды кемінде 2 жыл келісімшартпен жұмысқа алу, 18 жасқа толмаған, білім беру ұйымдарында оқыту бағдарламасы бойынша білім алған және мамандық игергеннен кейін бір жылдыӊ ішінде жұмысқа алғаш орналасқан жастарды жұмысқа алуда сынақ мерзімін алып тастауға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.

"ҚР Еӊбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊ жобасы "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" жастар саясатына байланысты мәселелерді реттеу мақсатында әлемдік базаға сәйкестендіру мақсатында дайындалды. Заӊ жобасы Бас комитеттіӊ кеӊейтілген отырысын қосқанда барлық қажетті реттеуші процедураларды сақтай отырып дайындалды және оны қабылдауда депутаттар белсенді талқыға салды", - дейді сенатор Серік Бектұрғанов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны