13.05.2010, 11:57 2873

Қазақстан парламенті президенттің ұлт көшбасшысы ретіндегі мәртебесін бекітетін заң жобаларын қабылдады

Қазақстан парламенті президенттің ұлт көшбасшысы ретіндегі мәртебесін бекітетін заң жобаларын қабылдады

Астана. 13 мамыр. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заңын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобасы еліміздің алғашқы президентінің қызметін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Жобамен мемлекет басшысының саяси-құқықтық мәртебесін айқындау мақсатында "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы", "Қазақстан Республикасының президенті туралы", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті туралы" заңдарына Қазақстан Республикасының бірінші президентінің конституциялық мәртебесін оның Ұлт көшбасшысы мәртебесімен сәйкестендіруге бағытталған өзгерістер енгізіліп отыр.

Отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасы да қаралды.

Бұл заң жобасы "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заңын іске асыру мақсатында әзірленген болатын.

Заң жобасымен Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне қол сұғу, суретін бүлдіру, заңды қызметіне кедергі жасауға қатысты қылмыстық жауапкершілік белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны