25.02.2010, 12:09 1465

Қазақстан парламенті теңізшілердің жеке куәліктері туралы конвенцияны қайта қарайтын конвенцияны ратификациялады

Қазақстан парламенті теңізшілердің жеке куәліктері туралы конвенцияны қайта қарайтын конвенцияны ратификациялады

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Теңізшілердің жеке куәліктері туралы 1958 жылғы конвенцияны (№ 185 конвенция) қайта қарайтын конвенцияны ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сенаттың Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобасы Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясын жүзеге асыру мақсатында әзірленген болатын.

№185 Конвенция 2003 жылғы 19 маусымда Женевада қабылданып, 61 мемлекет ратификациялаған, әлемдегі флоттардың 60,7 пайызы үлесіне тиетін №108 (1958 жылғы) теңізшілердің ұлттық жеке куәліктері туралы конвенцияның орнына 2005 жылғы 9 ақпанда күшіне енді.

Теңізшілердің жеке куәліктері онсыз шетелдік аумақтарда жүзетін теңіз кемелеріндегі экипаждар мүшелері үшін жұмыс істеу мүмкін болмайтын міндетті құжат болып табылады.

Заң жобасын қабылдау теңізшілердің жеке куәлігін беруге және қолдануға қатысты ұлттық заңнаманы халықаралық талаптарға сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны