21.09.2007, 17:59 3109

Қазақстан парламентінің мәжілісі бюросының отырысында бірқатар заң жобалары талқыланды

Қазақстан парламентінің мәжілісі бюросының отырысында бірқатар заң жобалары талқыланды.

Астана. 21 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан парламентінің мәжілісінің спикері Аслан Мусиннің төрағалығымен мәжіліс бюросының отырысы өтіп, онда бірқатар заң жобалары талқыланды, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.

Бюро отырысында алдағы жалпы отырысқа шығарылатын мәселелер қаралды. Атап айтсақ, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитет "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жөніндегі" ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасын өз әріптестерінің талқысына шығарды.

Комитет төрағасы Ерлана Нигматулиннің айтуынша, "заң жобасына ғылыми-құқықтық сараптама жасау аяқталып, оны жұмыс топтарында талқылау барысында қорытынды кестеге 5 түзету енгізілді".

Мәжіліс депутаттарының бір тобы сонымен қатар "Қазақстан Республикасының Кедендік кодексіне өзгерістер енгізу туралы" заңның жобасын жасауға бастама көтерді. "Түзетулердің мақсаты - экспорттық сертификаттардың түпнұсқасын талап етуді тоқтату", - деп мәлімдеді Экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі комитет төрағасы Владимир Бобров.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны