09.11.2009, 17:53 3366

Қазақстан премьер-министрі Германия Федеративтік Республикасының делегациясымен кездесті

Қазақстан премьер-министрі Германия Федеративтік Республикасының делегациясымен кездесті

Астана. 9 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Германия экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы, доктор Клаус Мангольдт бастаған Германия Федеративтік Республикасының делегациясымен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Германия арасындағы сауда - экономикалық ынтымақтастықты дамытудың ағымдағы жағдайы жәнекелешектегі жай - күйі талқыланды.

Сондай - ақ, Қазақстан, Беларусь және Ресей арасында құрылып жатқан Кедендік одақ, Қазақстанның ДСҰ - на кіруі, сондай - ақ, Қазақстанның алдағы ЕҚЫҰ - на төрағалығы мәселелері бойынша әңгіме өрбіді.

К.Мәсімов делегация мүшелерін Берлин қабырғасының құлағанына және осы күндері аталып өтіп жатқан Германияның бірігу үдерісінің басталуына 20 жыл толуымен құттықтады.

Қазақстан ашық, сындарлы және жауапты әріптестік ынтымақтастықты ұстануды жалғастыратынын, екі ел арасындағы өзара байланыстарды әрі қарай нығайтып, дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

Премьер - министр кездесуге қатысушыларға Қазақстандағы дайындалып жатқан серпінді индустриялды - инновациялық даму бағдарламасы туралы, сондай - ақ, осы бағдарлама аясында әзірленіп жатқан индустриялық карта жөнінде хабарлады.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың сәттілігіне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны