23.01.2015, 11:44 3728

Қазақстан Премьер-Министрі К.Мәсімов пен Түркия Премьер-Министрі

А.Дәуітоғлы екі жақты өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Түрік Республикасыныӊ Премьер-Министрі Ахмет Дәуітоғлымен кездесті.

Астана. 23 қаӊтар. Kazakhstan Today - Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Түрік Республикасыныӊ Премьер-Министрі Ахмет Дәуітоғлымен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Иӊгіме барысында Үкіметтер басшылары екі жақты өзара іс-қимылдыӊ өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

К.Мәсімов пен А.Дәуітоғлы екі елдіӊ арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып отырғанын, Қазақстан-Түркия үкіметаралық комиссиясыныӊ белсенді қызметін және іскер топтар арасында тығыз байланыстар орнағанын атап өтті.

Сондай-ақ, тараптар мемлекетаралық қатынастардыӊ барлық саласында өзара тиімді әріптестікті арттыруға екі жақтан да ұмтылыс өрістеп отырғанын білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны