30.11.2016, 13:47 6559

Қазақстан Президенті Бразилия Федеративтік Республикасыныӊ Президенті Мишел Темерге көӊіл айту жеделхатын жолдады

Жеделхатта Колумбия Республикасыныӊ әуе кеӊістігінде болған ұшақ апаты салдарынан Бразилия азаматтарыныӊ қаза болғаны туралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған

Астана. 30 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Бразилия Федеративтік Республикасыныӊ Президенті Мишел Темерге көӊіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Жеделхатта Колумбия Республикасыныӊ әуе кеӊістігінде болған ұшақ апаты салдарынан Бразилия азаматтарыныӊ қаза болғаны туралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

"Қаза болғандардыӊ туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Бразилия халқына ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқыныӊ және жеке өзімніӊ атымнан көӊіл айтамын", - делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы зардап шеккендердіӊ тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны