22.04.2010, 11:23 1848

Қазақстан президенті ірі корейлік компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді

Қазақстан президенті ірі корейлік компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Корея Республикасында мемлекеттік сапармен жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ірі корейлік компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысы "Самсунг" компаниясының президенті Чи Санг Хамен, "ПОСКО" болат балқыту компаниясының президенті Чунг Джун Янгпен, "Эс-Ти-Экс Групп" көп салалы концернінің президенті Канг Док Сумен, "Пунгсан корпорейшин" кең ауқымды мақсаттағы металл өндірісі жөніндегі компанияның басқарма төрағасы Джин Рюмен, "Сеул семикондактор" жарықдиоды өндірісі жөніндегі компаниясының президенті Личан Хунмен кездесті.

Иңгімелесу барысында нақты инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесі талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны