12.03.2007, 09:45 2537

Қазақстан президенті Қатардың ғылыми орта өкілдерін ынтымақтастыққа шақырды

АСТАНА. 12-наурыз. Kazakhstan Today. Ресми сапармен Қатар мемлекетіне барған президент Нұрсұлтан Назарбаев кеше Дохадағы "Білім қалашығы" ғылыми-білім беру кешенінде болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан президенті қалашық құрамына кіретін университеттердің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев Қатардың ғылыми орта өкілдерін ынтымақтастыққа шақырды және жақын арада Дохаға Қатардың тәжірибесін зерттеу үшін Қазақстанның білім және ғылым министрлігінен делегация жіберілетінін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны