21.08.2008, 19:14 3074

Қазақстан президенті Қостанай облысына келді

Қазақстан президенті Қостанай облысына келді

Қостанай. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысына келді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Елбасы ұшағы Қостанай қаласына түс кезінде келіп қонды. Н. Назарбаев облыстың Қостанай ауданының егіс алқаптарын аралады.

Қазіргі уақытта мемлекет басшысы "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында жиналыс өткізуде. Онда барлық 7 ИКК басшылары жиналған.

Сапар аясында президент қостанайлықтарды қаланың 129 жылдығымен құттықтап, рапс майын өндіретін зауытты тамашалайды деп жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны