15.08.2012, 16:24 3434

Қазақстан президенті Қостанайдағы автомобиль өндірісіне жоғары баға берді

Мұнда Елбасы қуаттылығы жылына 25 мың машина болатын жаңа өндіріс алаңының құрылыс жоспарларымен танысты. ҚР Президентіне Қостанай зауытында құрастырылатын автомобиль модельдері көрсетілді.

Қостанай. 15-тамыз. Kazakhstan Today - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қостанайдағы "АгромашХолдинг" АҚ мен "СарыАрқа Автопром" ЖШС-не барды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мұнда Елбасы қуаттылығы жылына 25 мың машина болатын жаңа өндіріс алаңының құрылыс жоспарларымен танысты. ҚР Президентіне Қостанай зауытында құрастырылатын автомобиль модельдері көрсетілді.

Н.Назарбаевты атап айтқанда шенеуніктерге арналған автомобильдер қызықтырды. Зауыттың басшылығы бұл машинаны өндірістің мақтанышы ретінде сипаттады.

"Сары-Арқа Автопром" ЖШС-нің жұмыскерлерімен әңгімелескен ҚР Президенті: "Бұрын Қазақстанда машина жасау саласы мүлдем болмаған еді, және осындай өндірістердің пайда болуына қуанбасқа болмайды. Сіздердің жалақыларыңыз жақсы, ал зауыт өндірісін ұлғайтатынына үміттенемін. Қазақстан көп ұзамай ДСҰ-на кіреді, сондықтан мұндай зауыттардың өнімдері бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Бұл ретте әлем алға жылжып отырғанын және өндірістің жаңа заманауи әдістерге өту қажеттілігін ұмытпау керек", - деп атап өтті.

Жұмысшылар ҚР Президентіне қолдауы мен көмегі үшін ризашылықтарын білдірді. Мемлекет басшысы зауыт қызметкерлерімен естелік фотосуретке түсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны