10.10.2006, 18:24 2970

Қазақстан президенті мен ENI компаниясының басшысы мұнайгаз жобаларын жүзеге асыруға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады

АСТАНА. 10-қазан. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін өзінің Елордасындағы резиденциясында ENI компаниясының бас басқарушысы Паоло Скарониді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз ENI компаниясының Қазақстандағы іс-қызметі, атап айтсақ, Қашаған жобасына қатысты мәселелерді талқыладық",- деді П.Скарони Елбасымен кездесуден кейін өткізілген баспасөз мәслихатында.

Бұған қоса тараптар кездесу барысында ENI компаниясы қатысып отырған басқа да бірқатар жобаларды саралады. "Біз көп жылдан бері жүзеге асырылып жатқан Қарашығанақ жобасына қатысты мәселелерді талқыладық. Қазір біз бұл жобаның үшінші кезеңіне ден қойдық. Демек, еңбек өнімділігі арта түспек",- деді ол.

Кездесу барысында Қазақстанның мұнайы мен газын тасымалдау мәселелері де қаралды. "Оралға қарай құбыр тартуға қатысты біздің ниетімізді, сондай-ақ, КТК-ны ұлғайту жайын талқыладық",- деді Италия консорциумының жетекшісі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны