26.02.2007, 18:43 2891

Қазақстан президенті мен Иордания королі екіжақты ынтымақтастықтың келешегі туралы талқылады

АСТАНА. 26-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Иордания Хашимиттік Корольдігінің Королі ІІ-ші Абдалла бен Ил-Хусейн телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін, сауда-экономикалық өзара әрекетті дамыту мәселелерін талқылады.

Тараптар сондай-ақ бірқатар өзекті халықаралық проблемалар бойынша, атап айтқанда Таяу Шығыстағы ахуал туралы пікір алмасты.

Иңгіме Иордания жағының өтініші бойынша жүргізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны