Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Сирия сыртқы істер министрі Уалид аль-Муаллим екі жақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Сирия барлық салалар бойынша, соның ішінде экономика, әлеуметтік қарым-қатынас, мәдени ықпалдастық пен саяси мәселелер бойынша Қазақстанмен етене жақын әріптестік байланыстар орнатудан ниетті", - деді Сирия СІМ Қазақстан президентімен кездесуден кейін өткен брифингте.
"Біз іс жүзінде осындай қарым-қатынастар орнату үшін және өзара қарым-қатынасқа берік негіз қалау үшін таяу уақыттарға межеленген Қазақстан президентінің сапарын тағатсыздана күтіп отырмыз", - деді ол.
"Біздің арамыздағы сұхбаттың конструктивті ауанда өткенін қанағаттана айта аламын. Өйткені, көптеген мәселелер бойынша Қазақстан мен Сирияның ұстанымы өте ұқсас", - деді министр. "Мен сонымен қатар Сирияның Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік дамуға жоғары баға беретіндігін әңгімелеп бердім. Және біз бауырлас Қазақстанға одан әрі сәттілік пен табыс тілейміз", - деп қорытты ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.