26.06.2017, 11:16 7945

Қазақстан Президенті Монако Князі ІІ Альбермен бірге Монако Княздігініӊ ұлттық павильонын аралап көрді

Нұрсұлтан Назарбаевқа Монаконыӊ ұлттық павильонында энергетикалық тұрғыда "жасыл экономикаға" өтудіӊ проблемаларына арналған экспозициялар және Княздікте қолданылатын үздік тәжірибелер көрсетілді.

Астана. 25 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Монако Князі ІІ Альбермен бірге Монако Княздігініӊ ұлттық павильонын аралап көрді,- деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаевқа Монаконыӊ ұлттық павильонында энергетикалық тұрғыда "жасыл экономикаға" өтудіӊ проблемаларына арналған экспозициялар және Княздікте қолданылатын үздік тәжірибелер көрсетілді.

Мемлекет басшысы "Болашақтыӊ бейнесі" атты инсталляциямен, Монаконыӊ аумағын кеӊейту жөніндегі жобаныӊ макетімен, "Жасыл зертхана" секциясымен және күн энергиясымен жүретін велосипед сияқты басқа да экспозициялармен танысты.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев Монако Княздігі ұлттық павильоныныӊ Құрметті қонақтар кітабына қолтаӊба қалдырып, ІІ Альберге Қазақстанныӊ "Нұр Илем" ұлттық павильонын көрсетті. Онда екі елдіӊ көшбасшылары уранды жерасты ұӊғымалы тазарту әдісін, "Токамак" термоядролық реакторыныӊ интерактивті макетін және Қазақстанныӊ мәдениеті мен тарихына арналған басқа да экспозицияларды көрді.

Монако Княздігі ұлттық павильоныныӊ тақырыбы - "Болашақтыӊ бейнесі". Онда 2025 жылға қарай теӊіздіӊ 6 гектарында құрылыс жүргізу арқылы Княздік аумағын кеӊейту жөніндегі шешімдерге арналған экспозициялар, экологиялық орнықтылық пен экологиялық мобильділік саласындағы жобалар қойылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны