26.02.2007, 12:46 1494

Қазақстан президенті наурыздың басында Мысырға барады

АСТАНА. 26-ақпан. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Мысырға сапары 11-13-наурызға межеленген. Бұл туралы бүгін еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан - Мысыр үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Екі ел арасындағы сауда саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін Елбасының 11-13-наурызға Мысырға межеленген сапары аясында екі елдің бизнес-құрылымдары өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізу жоспарланған",- деді Е.Ертісбаев.

"Мысыр - Қазақстанның Таяу Шығыстағы негізгі сауда серіктестерінің бірі. Мысырдың үлесіне еліміздің Африка құрлығындағы елдермен тауар айналымының 13 проценті тиеді",- деді ол.

Министрдің айтуынша, Қазақстан мен Мысыр арасындағы тауар айналымы 2006-жылы 19,5 млн долларды құрады, бұл 2005-жылғы көрсеткіштен 2 есе артық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны