20.12.2016, 17:23 3600

Қазақстан Президенті Ресей Федерациясыныӊ Президенті Владимир Путинге көӊіл айту жеделхатын жолдады

"Бұл терроризм актісі осынау зұлымдықпен күрес жолында бүкіл әлемніӊ күш-жігерін жұмылдыру қажет екеніне тағы да көзімізді жеткізе түсті. Ешқандай зорлық-зомбылықты ақтауға болмайды. Қазақстан терроризмніӊ кез келген түрін қатаӊ айыптайды", - делінген жеделхатта.

Астана. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Ресей Федерациясыныӊ Президенті Владимир Путинге көӊіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясыныӊ Түркия Республикасындағы елшісі Андрей Геннадьевич Карловтыӊ қайғылы қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Жеделхатта А.Карловтыӊ дарынды дипломат болғаны және оныӊ кәсіби қызметі баршаныӊ құрметіне бөленіп, Ресей мен Түркия қарым-қатынасын нығайтуға бағытталғаны атап өтілген.

"Бұл терроризм актісі осынау зұлымдықпен күрес жолында бүкіл әлемніӊ күш-жігерін жұмылдыру қажет екеніне тағы да көзімізді жеткізе түсті. Ешқандай зорлық-зомбылықты ақтауға болмайды. Қазақстан терроризмніӊ кез келген түрін қатаӊ айыптайды", - делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқыныӊ және жеке өзініӊ атынан А.Карловтыӊ туыстары мен жақындарына көӊіл айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны