17.01.2018, 16:29 4557

Қазақстан Президенті "Шетелдік жеке инвестициялар жөніндегі корпорация" (OPIC) мемлекеттік агенттігініӊ президенті Рэй Уошбернмен кездесті

Р.Уошберн "ЭКСПО-2017" көрмесінен алған әсерімен бөлісіп, алдағы уақытта Қазақстанныӊ "Kazakh Invest" компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылатынын айтты.

Астана. 17 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті "Шетелдік жеке инвестициялар жөніндегі корпорация" (OPIC) мемлекеттік агенттігініӊ президенті Рэй Уошбернмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы әӊгіме барысында кездесудіӊ маӊыздылығына тоқталып, қазіргі уақытта Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан экономикалық жобалар жөнінде айтты.

- Біз "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын іске асырып жатырмыз. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесін өткіздік. Көрме инфрақұрылымыныӊ базасында "Астана" халықаралық қаржы орталығын құрамыз. Оған қатысушылардыӊ бәріне айрықша жеӊілдіктер қарастырылған, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев инвестиция саласындағы қатынастарды нығайтудыӊ және өзара тиімді экономикалық жобаларды жүзеге асырудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Р.Уошберн "ЭКСПО-2017" көрмесінен алған әсерімен бөлісіп, алдағы уақытта Қазақстанныӊ "Kazakh Invest" компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылатынын айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны