22.05.2009, 13:48 1471

Қазақстан президенті ТМД елдерінің құрылысшыларын Астананы салуға атсалысуға шақырады

Қазақстан президенті ТМД елдерінің құрылысшыларын Астананы салуға атсалысуға шақырады

Астана. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдерінің құрылысшыларын Астананы салуға атсалысуға шақырады. Бұл туралы президент бүгін Ақордада ТМД елдерінің үкімет басшыларымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Сіздер бұл жерде мәскеулік үйді, қытай қонақ үйін, түрік, испан, итальяндық архитектураны көріп отырсыздар. Біз бұнда ТМД елдерінің құрылысшыларының да құрылыс салуын, сол арқылы Астананың шынайы еуразиялық қалаға айналуын қалаймыз", - деді Н.Назарбаев.

Ол биыл Қазақстанда бірқатар жобалардың жүзеге асатынын хабарлады. "Биыл біз Қазақстан аумағы арқылы Батыс Қытайдан Ресей шекарасына дейін, одан әрі Мәскеу мен Қазан арқылы Еуропаға дейін үш жарым мың шақырымға созылатын автожол сала бастаймыз. Бұл - аса ауқымды құрылыс, оған бізге жұмысшылар керек", - деді Н.Назарбаев.

Сонымен бірге ол "бүгін Қазақстанда ірі мұнахиялық кешендер салынып жатқанын" хабарлады. "Бір зауыттың құны 4 - 6 млрд доллар тұрады, соған қарамастан Қазақстанға инвестициялар келіп жатыр", - деді президент.

"Біз өз келешегімізге сеніммен қараймыз және дағдарыс кешікпей аяқталып, біз одан әрі дами береміз деп сенеміз", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны