02.09.2007, 12:30 1485

Қазақстан президенті үкіметке қор рыногын дамытуға бағытталған шараларды жеделдетуді тапсырды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке қор рыногын дамытуға бағытталған шараларды жеделдетуді тапсырды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН".2 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке қор рыногын дамытуға бағытталған шараларды жеделдетуді тапсырды.

"Еліміздегі қор рыногын нығайту үшін үкімет мүдделі органдармен бірлесіп Қазақстан қор рыногын халықтың қолындағы басы бос қаржыны баламалы салым көзі ретінде пайдалануды түбегейлі дамытуға тың серпін беретін шешімдерді жедел қабылдау қажет ", - деді Н. Назарбаев бүгін төртінші шақырылған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде.

"Бұл мәселені принциптік тұрғыда шешу қажет. Соның ішінде қор рыногын байыта түсуді қамтамасыз етуге қабілетті заңнамалық тетіктерді жасау қажет", - деді мемлекет басшысы.

Президент ""Халықтық IPO" бағдарламасы аясында Алматыдағы аймақтық қаржылық орталық алаңында халықтың қаржысын ірі кәсіпорындардың акциясына салуды ағымдағы жылы жүзеге асыру қажет", деп атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны