01.08.2008, 15:04 3225

Қазақстан президентінің Испания Корольдігіне сапары жайлы испандық БАҚ-тар жарыса жазуда

Қазақстан президентінің Испания Корольдігіне сапары жайлы испандық БАҚ-тар жарыса жазуда

Астана. 1 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президентінің Испания Корольдігіне сапары жайлы испандық БАҚ-тар жарыса жазуда,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР президенті сапарының тақырыбы "EFE" ақпараттық агентігінің кеңейтілген репортажында мұқият жазылды. Онда, "екі көшбасшының жақын достастығы Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың 1994 жылы, Испанияға алғаш сапармен келген сәтінен бастап орнады. Содан бері екі мемлекет басшыларының арасындағы байланыстар күшейді", деп атап өтілген.

Агенттіктің пікірінше, жоғары деңгейдегі екіжақты ынтымақтастыққа экономикалық фактор әсер етуде. Атап айтқанда, қазір Қазақстан нарығында "Тальго", "Индра" және "Репсол" сияқты испан компанияларының өкілдері ойдағыдай жұмыс істейді.

Соңғы кездесудің нәтижесі 2007 жылдың маусым айында өткен Испания Королі І Хуан Карлос пен София ханшайымының 2007 жылғы маусымдағы Астанаға ресми екікүндік сапары кезінде "Испания кәсіпорындарының инфрақұрылым, көлік, телекоммуникация, агроиндустрия, энергетика және туризм салаларында даму жөніндегі қазақстандық жобаларға қатысуына бағытталған меморандумға" екі мемлекет көшбасшыларының қол қоюы болды.

Сонымен бірге, агенттік Елбасының қатысуымен Сарагоса қаласында "Экспо" әлемдік әмбебап көрмесі аясында Қазақстанның Испаниядағы күнін атап өту туралы хабарлады. "Қазақстандық павильонға келушілер елдің су ресурстарының көптүрлілігімен, олардың ел экономикасындағы алар орнымен танысады".

"Vanguardia" газетінің материалдары бойынша, "ағымдағы жылғы шілденің 26-сында Испания Королі І Хуан Карлос мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арасында жылы қарым-қатынастар орнаған".

"АВС" газетінде қазақстандық көшбасшының Испанияда болуы туралы арнайы репортаж жарық көрді. Жергілікті журналистердің мәлімдеуінше, "Испания Королінің атынан Сарагоса қаласындағы "Экспо" дүниежүзілік бірегей көрмесі аясында Қазақстанның Ұлттық күнін атап өтуге қатысу үшін Испанияда сапармен жүрген ҚР президенті Н.Назарбаевтың құрметіне ресми кешкі ас берілді".

"Екі мемлекет басшысының арасындағы достық 14 жылдан астамға жалғасып келеді. Салтанатты кешкі аста, сондай-ақ сыртқы істер мемлекеттік хатшысы Анхель Лоссада, Король сарайының бас хатшысы Рикардо Диес-Хошляйтнер қатысты" деп атап көрсетілді.

"Mallorca Diario" испан газеті мәлімдегендей, "Испания Королі мүмкіндікті пайдаланып, өзінің екі үлкен құмарлығын - теңіз бен гастрономиясын көрсетті. Қазақстан президенті Н.Назарбаев испандық қонақжайлылыққа көз жеткізді. Ескі таныс - қос мемлекет басшысы Испания мен Қазақстанның арасында ерекше жылы қарым-қатынас бар екендігін тағы да көрсетті".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны