21.03.2007, 18:50 3226

Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы Ақмола облыстық мәслихаты сессиясында сөз сөйледі

АСТАНА. 21-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін Ақмола облысына сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы Касым-Жомарт Тоқаев облыстық мәслихат сессиясы жұмысына қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметі.

Сенат төрағасы өз сөзінде, Елбасы Н.И.Назарбаевтың "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" Жолдауында елімізді әлеуметтік, экономикалық және саяси одан әрі жаңғырту жолының, Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа табысты ықпалдасуының кешенді талдауы мен стратегиясы жан-жақты мазмұндалғанын атап өтті.

Бұл тұрғыда Қ.Тоқаев, сессияға қатысушылардың назарын агроөнеркәсіп кешенін одан әрі жетілдіру, ауылшаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және индустриалдық дамумен қосымша сол өнімдермен мемлекетіміздің астанасын қамтамасыз ету, халыққа қол жетерлік тұрғын үй құрылысын дамыту, жаңа өңірлік экономикалық өсу тетіктерін қалыптастыру мен Щучье-Бурабай демалыс аймағын ұйымдастыру сияқты облыс алдында тұрған міндеттерге аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихат депутаттарын Елбасының жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету бағытындағы сенаттың жұмысы жөнінде хабардар етті. Ең алдымен, Мемлекеттік комиссия жұмысының қорытындысы бойынша тиянақталған жүйелі демократиялық реформаларды жүзеге асыру, Ата Заңымызға өзгертулер мен толықтырулар енгізу алдымызда тұр,- деп атап өтті ол. Бұл жағдай тиісінше, бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер енгізуді қажет етеді. Алдын-ала талдау, кемінде 50 заң жобасын дайындауды, оның 14-ін ағымдағы сессия барысында қарастыру керек,- деді сенат төрағасы. Бірінші кезекте заңнамалық реттеуге жататын қоғамдық қатынастардың негізгі салалары ретінде Касым-Жомарт Кемелұлы әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау және тұрғын-үй коммуналдық салаларын ерекше атап өтті.

Сөз соңында Қ.Тоқаев, сенат депутаттарымен қатар мәслихат депутаттары да Елбасы Жолдауындағы стратегиялық бағыттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ету міндеттерін абыроймен атқарып, Қазақстанның гүлденіп, жасампаз дамуына елеулі үлес қосатынына зор сенімін білдірді.

Сапар шеңберінде сенат төрағасы "КАМАЗ-Инжиниринг" АҚ, М.Ғабдуллин атындағы мұражайды және басқа да әлеуметтік-мәдени орталықтарын аралады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны