10.04.2015, 10:18 4409

Қазақстан Республикасы Президентініӊ жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде 2014 жылғы ювеналдық соттардыӊ жұмысыныӊ негізгі қорытындысы бойынша брифинг болып өтті.

Іс-шараға спикерлер ретінде Жоғарғы Соттыӊ судьялары Ғалия Ақ-қуова, Ақылтай Қасымов және Астана қаласыныӊ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныӊ төрайымы Нәзиля Раззақ қатысты

Астана. 10 сәуір. Kazakhstan Today - Іс-шараға спикерлер ретінде Жоғарғы Соттыӊ судьялары Ғалия Ақ-қуова, Ақылтай Қасымов және Астана қаласыныӊ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныӊ төрайымы Нәзиля Раззақ қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2012 жылы Мемлекет басшысыныӊ Жарлығымен барлық облыс орталықтары мен кейбір ірі қалаларда ювеналдық соттар құрылды. Барлығы 19 сот. Қазақстан Республикасы - Орталық Азиядағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған соттар құрған жалғыз ел.

Өзініӊ баяндамасында Ғ.Ақ-қуова Жоғарғы Сотта кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныӊ қызметіне талдау жасалғанын атап өтті. Талдаудыӊ басты мақсаты ювеналдық соттар жұмысыныӊ тиімділігін, сот практикасын және осы соттар жұмысын ұйымдастырудыӊ халықаралық стандарттарға сәйкестігін зерделеу болып табылады. Аталған талдау сот төрелігін жүзеге асыру сапасыныӊ жақсарғанын көрсетті.

Айталық, 2014 жылы соттарға 25 899 өтініш пен іс келіп түссе, олардыӊ 8 527-сін азаматтық, 14 038-ін әкімшілік және 3 334-ін қылмыстық іс құрайды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 0,7%-ға аз. Осы ретте сотталғандардыӊ саны 33%-ға қысқарса, ақтау үкімдерініӊ саны 39-дан 115-ке, яғни үш есеге артқан, сондай-ақ медиация тәртібімен аяқталған істердіӊ саны 7,3%-ға көбейген.

Судья Ғ.Ақ-қуова Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы конвенцияда және балалар құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы өзге де халықаралық актілерде көзделген барлық міндеттемелерін орындап отырғандығын айтты. Аталған тұжырымдар халықаралық ЮНИСЕФ ұйымы тарапынан расталған. "Айталық, жүргізілген зерттеулерге қарағанда, мамандандырылған соттар құру кәмелетке толмағандарға қатысты іс материалдарын неғұрлым мұқият зерттеуге ықпал етті және дауларды шешу және құқықбұзушылықтар мен қылмыстар туралы істерді қараудағы күтілген тәсілдерді қамтамасыз етті", - деді судья.

Өз сөзінде А.Қасымов сот төрелігін жүзеге асырудағы кәмелетке толмағандардыӊ заӊды құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында қалыптасқан сот тәжірибесіне тоқталып өтті. Статистикалық деректерді салыстырмалы талдау ювеналдық соттардыӊ көп жағдайда сотталғандарға бас бостандығымен айырумен байланысты емес (55,8%) жаза тағайындағандығын көрсетеді. Мәселен, 2014 жылы сотталғандардыӊ 15,4% бас бостандығынан айыруға сотталса, 13,5%-ына шартты соттау жазасы қолданылған. А.Қасымов барлық қылмыстық істердіӊ процессуалдық заӊда белгіленген мерзімдерде қаралғандығын да атап өтті.

Астана қаласындағы ювеналдық соттардыӊ жұмысы туралы Н.Раззақ әӊгімелеп берді. Ол сот істерініӊ тәжірибелік мысалдарыныӊ негізінде заӊнамадағы жаӊашылдықтарға қатысты, соныӊ ішінде кейбір әкімшілік істердіӊ қылмыстық теріс қылықтарға өтуіне байланысты өзгерістерді түсіндіріп өтті.

Н.Раззақтыӊ пікірінше, Астана қаласындағы мамандандырылған сот жұмыс істегелі бері кәмелетке толмағандарға қатысты бас бостандығынан айыру жазасы олардыӊ тек 5,5%-ына ғана қолданылған. Бұл статистика әрбір кәмелетке толмаған адамға барлық қолданыстағы ювеналдық технологияларды, жаза тағайындаудыӊ ювеналдық соттармен байланысты баламалы шараларын енгізе отырып қолданылатындығына дәлел болып табылады.

Н.Раззақ өз сөзін қорытындылай келе, ювеналдық соттар өздеріне жүктелген еӊ басты міндет - балалар құқықтарын қорғау мен оларды оӊалту ісін сәтті орындап отырғандығын атап өтті.

Брифинг барысында спикерлер БАҚ өкілдерініӊ сұрақтарына жауап берді.

ҚР Жоғарғы Сотыныӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны