07.10.2016, 17:41 4555

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын мерекелеу "Қазақ елі" көркем фильмініӊ тұсаукесерімен қорытындыланады

ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ өкілі мерейтойлық жылдыӊ жалпы оқиғалар легініӊ қорытындысын шығаратын желтоқсан айы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын мерекелеудіӊ шарықтау шегі болады деп хабарлады.

Астана. 7 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын мерекелеу Елбасыныӊ қатысуымен өтетін салтанатты жиын және мерекелік концерт, "Қазақ елі" көркем фильмініӊ тұсаукесерімен қорытындыланады.

Жалпы, Қазақстан Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын мерекелеу аясында 221 іс-шара өткізу жоспарланған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен ел Тәуелсіздігіндегі айтулы мерейтойды мерекелеуге арналған баспасөз конференциясы барысында Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ өкілі мерейтойлық жылдыӊ жалпы оқиғалар легініӊ қорытындысын шығаратын желтоқсан айы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын мерекелеудіӊ шарықтау шегі болады деп хабарлады. Мерекелеудіӊ ақтық шараларына Елбасыныӊ қатысуымен өтетін салтанатты жиын және мерекелік концерт, "Қазақ елі" көркем фильмініӊ тұсаукесері айналады.

Ақтоты Райымқұлова хабарлағандай, ҚР Үкіметініӊ Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес үстіміздегі жылы аймақтық, республикалық және халықаралық деӊгейде түрлі бағыттағы 221 іс-шара өткізу көзделген.

Бүгінгі таӊда республика деӊгейінде 100-ден аса іс-шара өтті. Сонымен қатар соӊғы бес ай ішінде жергілікті атқарушы органдардыӊ жоспарларына сәйкес республика аймақтарында 8 мыӊнан астам шара өткізілді.

Тәуелсіздік мерейтойына орайластырылған айтулы оқиғалар туралы баяндай отырып, Ақтоты Райымқұлова еліміздіӊ барлық республикалық музейлерінде ұйымдастырылған "Музейдегі түн" акциясы туралы баяндап берді. Музейдіӊ әрқайсысында бұл жоба Халықаралық музейлер күніне арнайы өткенімен, өз ерекшеліктері болды. Мысалы, ҚР Ұлттық музей келушілеріне қызықты экскурсиялармен қатар отандық эстрада жұлдыздардыӊ қатысуымен концерттік бағдарлама даярланса, ал И. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде бұл шара нағыз өнер фестиваліне айналды. ҚР Орталық мемлекеттік музейі білім беру интерактивті бағдарламалардыӊ таныстырылымын өткізіп, интерактивті сабақтардыӊ бірегей топтамасын таныстырды.

Одан басқа, Ақтоты Рахметоллақызы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы тақырыбымен өткен өзге де ірі іс-шаралар туралы ақпарат берді. Нақты айтқанда, маусымдағы көрнекті оқиғалардыӊ бірі елордада өткен "Астана-Дуатлон-2016" 2-ші қалалық турнирі болды. Додаға арасында кәсіби спортшылар мен спорт әуесқойлары болған 500-ге жуық адам қатысты.

"Астана. Отан. Жаӊа қазақстандық патриотизм" ұранымен өткен шілде айында Астана күнін мерекелеу, "Астана - Отанымыздыӊ жүрегі" республикалық акциясы, "Екі апта ауылда" және "Ата-ана жұмысындағы 10 күн" әлеуметтік тәжірибелері, "EXPO-2017-ніӊ жас достары" жобасы, "Мәӊгілік елдіӊ Елордасы", "Астана елдігімніӊ ертеӊі" көрмелері, халық ойындары фестивалі, теннистен Қазақстан Республикасы Президентініӊ Кубогы, т.б. өтті.

"Қыркүйек - Еӊбек. Отбасы. Құт-береке" ұранындағы қыркүйектіӊ негізгі шаралары "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауыныӊ қорытындыларын шығару, "Астана Марафон-2016" өткізу болды. Астана марафоны 4,5 астам қатысушылардыӊ басын қосып, қала тарихында еӊ ірі марафонға айналды.

"Үстіміздегі жылдыӊ соӊына дейін республикалық деӊгейде 120-ға жуық және аймақтық деӊгейде шамамен 5 000 іс-шара өткізу жоспарланып отыр", - деді ОКҚ-дағы пресс-конференциядағы баяндамасын аяқтай отырып Ақтоты Райымқұлова.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны