06.05.2016, 18:34 6331

Қазақстан Республикасыныӊ ақпарат және коммуникациялар министрі болып Дәурен Абаев тағайындалды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ақпарат және коммуникациялар министрлігініӊ ұжымына ведомствоныӊ жаӊа басшысы - Дәурен Абаевты таныстырды

Астана. 6 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ақпарат және коммуникациялар министрлігініӊ ұжымына ведомствоныӊ жаӊа басшысы - Дәурен Абаевты таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Өздеріӊіз де білесіздер, кеше Елбасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігін құруды тапсырды. Президенттіӊ Жарлығымен Абаев Дәурен Искербекұлы министр болып тағайындалды", - деп хабарлады К.Мәсімов.

Өз кезегінде Д.Абаев Елбасыға сенім білдіргені үшін алғыс айтып, Мемлекет басшысыныӊ Министрліктіӊ алдына қойған барлық міндеттері абыроймен орындалатынына сендірді, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Естеріӊізге салсақ, кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы кеӊесте Ақпарат және коммуникациялар министрлігін құруды тапсырды.

"Ақпараттық саясатқа келер болсақ, бұл функция қазір басқа министрліктіӊ құзырында тұр. Үкіметте бұл саланы үйлестіріп отырған ешкім жоқ, ақпараттық жұмысқа бөлінген мемлекеттік ақша қайда кетіп, қайдан келіп жатқанын ешкім бақылап отырған жоқ. Сондықтан, Бес реформаныӊ орындалу барысын тиімді тарату үшін, қазіргі ақпараттық қауіп-қатерлердіӊ алдын алу үшін жаӊа уәкілетті мемлекеттік орган - Ақпарат және коммуникациялар министрлігін құруды тапсырамын", - деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл ведомствоныӊ мойнына мына міндеттер жүктелсе, дұрыс болады деген ұсынысын айтты: қоғамдағы өзекті мәселелерді тез анықтап, тез шара қолдану үшін интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерді қоса алғанда, кез келген формадағы ақпараттық кеӊістікке мониторинг жүргізу; өзекті тақырыптар мен мәселелер жөніндегі қоғамдық пікірлерді зерттеу, халықтыӊ пікірі мен ақпараттық сұрауларға сараптама жасап, болжам жүргізу; мемлекеттік ақпараттық саясатты қолға алу; барлық мемлекеттік органдардыӊ ақпараттық қызметі мен белсенділігін бақылау және үйлестіру; мемлекеттік ақпараттық тапсырыс пен мемлекет бөлген қаржыныӊ тиімділігін тексеру және жоспарлау; отандық БАҚ-ты экономиканыӊ бір сегменті ретінде дамыту үшін инвестиция мен инновация тарту; электронды және баспа БАҚ-тарды қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін отандық ақпараттық өнімдердіӊ сапасын жақсарту: арналардыӊ халықпен қарым-қатынасын жақсарту.

Дәурен Абаев 1979 жылы Алматы облысында туған. 2001 жылы Ил-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген. 2014 жылы Еуразия гуманитарлық институтын тәмамдаған.

2001 жылдыӊ тамызы мен 2003 жылдыӊ тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігініӊ орталық аппаратында жұмыс істеді.

2003 жылдыӊ мамыры мен 2007 жылдыӊ мамыры аралығында Қазақстан Республикасыныӊ Изербайжандағы және Нидерланды Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.

2007 жылдыӊ мамыры мен 2007 жылдыӊ желтоқсаны аралығында - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігініӊ баспасөз қызметі бөлімініӊ бастығы.

2007 жылдыӊ желтоқсаны мен 2008 жылдыӊ желтоқсаны аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Протоколыныӊ бас сарапшысы, консультанты.

2008 жылдыӊ желтоқсаны мен 2009 жылдыӊ қазаны аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысыныӊ орынбасары.

2009 жылдыӊ қазанынан - Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігініӊ Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімініӊ мемлекеттік инспекторы.

2011 жылдыӊ қазанында Мемлекет басшысыныӊ Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентініӊ Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

2013 жылдыӊ шілдесінен осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Президентініӊ кеӊесшісі - Қазақстан Республикасы Президентініӊ Баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

І-сыныпты бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесі бар.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меӊгерген.

"Құрмет" орденімен марапатталған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны