06.05.2016, 17:42 5597

Қазақстан Республикасыныӊ ауыл шаруашылығы министрі болып Асқар Мырзахметов тағайындалды

Премьер-Министр бүгін ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков отставкаға өтініш білдіргенін және оны Елбасыныӊ қабылдағанын мәлімдеді

Астана. 6 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ ұжымына жаӊа министр - Асқар Мырзахметовты таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Премьер-Министр бүгін ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков отставкаға өтініш білдіргенін және оны Елбасыныӊ қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Кәрім Мәсімов алдынғы министрге жасаған жұмысы үшін алғыс айтып, ал А.Мырзахметовке жаӊа қызметінде табыс тіледі.

А.Мырзахметовтыӊ ауыл шаруашылығы және экономикалық білімі бар. Ауыл шаруашылығы ғылымдарыныӊ кандидаты.

Аспирантураны аяқтаған соӊ 1988 жылдан бастап 1991 жылға дейін Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы академиясыныӊ шығыс бөлімініӊ жүйесінде кіші, сосын аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

1991-1997 жылдары - шаруашылық субъектілердіӊ және қоғамдық ұйымдардыӊ басшысы (Орта Азия және Қазақстан

биржалары Қауымдастығыныӊ Басқарма төрағасы, Қазақстан Кәсіпкерлері Форумы Кеӊесініӊ төрағасы);

1997-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ кеӊесшісі, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы

вице-министрі, бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрі болып қызмет етті.

2006-2007 жылдары - Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Республикасыныӊ Төтенше және Өкілетті Елшісі;

2007-2009 жылдары - "Оӊтүстік" Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ басқармасыныӊ төрағасы.

2009-2015 жылдары - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі.

2015 жылдыӊ тамызынан Нұр Отан партиясы төрағасыныӊ бірінші орынбасары;

2016 жылдыӊ қаӊтарынан "Нұр Отан" партиясыныӊ Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ тапсырмасымен партияныӊ сайлау алдындағы штабын басқарды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны