08.05.2007, 11:04 1370

Қазақстан Республикасының ІІМ Жапония көлік жасаушы зауыттарынан оң жақ тізгінді көліктерді қайта жабдықтауға болмайтындығы туралы хатты жоққа шығарды

АСТАНА. 8-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі Жапония көлік жасаушы зауыттарынан оң жақ тізгінді көліктердің тізгінін сол жаққа ауыстырудың мүмкін еместігі туралы хатты жоққа шығарды. Бұл туралы журналистерге Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің ақпарат және бұқарамен байланыс орталығының бастығы Бағдат Қожахметов мәлім етті деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Соңғы кездері кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде баспасөзде, көліктердің басқаруын оң жақтан сол жаққа көшіруге жол берілмейтіндігі жайлы "Mitsubishi Motors" көлік жасаушы зауытынан ішкі істер министрлігіне келіп түскен хат туралы мақалалар пайда болды", - деді Б. Қожахметов. "Ішкі істер министрлігі ресми түрде көлік жасаушы "Mitsubishi" зауытынан және басқа да жапон көліктерін жасаушылардан ішкі істер министрлігінің мекенжайына ешқандай хат келіп түскен жоқ", - деді.

"Керісінше, биыл сәуір айында Жапония елшілігі Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігін оң жақ тізгінді көліктерді сол жағына ауыстырып, қайта жабдықтау бойынша бірлескен жобалар жасау туралы мәселелерді талқылау мақсатында біздің елімізге Жапонияның экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігі Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрлігінің өкілдерімен кездесуге делегация жіберуге ықыласты екендігінен хабардар еткен болатын", - деп сөзін жалғастырды Б. Қожахметов.

Оның берген мәліметі бойынша, "тиісті хатта Жапония жағы көліктерді қайта жабдықтау бойынша бірлескен кәсіпорындар құру, сондай-ақ Қазақстанға сарапшылар жіберу саласында қазақстандық тараппен ынтымақтасу мүмкіндігін қарастырып жатқаны айтылған.

Бұрындары хабарланғанымыздай, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі жол полициясы комитетінің жетекшілігіне жіберілген хат жайында баспасөз мәслихатында Тәуелсіз көлік одағының өкілдері мәлімдеген болатын. Журналистер арасында "Mitsubishi Motors Corporation" дилерлік сервис бөлімшелеріне қауіпсіздік стандарттарына сай келмеуі себепті көліктерді қайта жабдықтауға тыйым салатындығы жөнінде айтылған аталмыш құжаттың көшірмесі таратылған болатын. Себебі, қайта жабдықтау тұрақтылық пен басқару мүмкіндігіне ғана емес, соқтығысу кезінде көліктің пассивті қауіпсіздігінің ерекшеліктерін төмендетуге зор ықпал етеді.

Оның үстіне, баспасөз мәслихатында Тәуелсіз көлік одағы қоғамдық бірлестігінің өкілдері Ішкі істер министрлігі Елбасына оң тізгінді көліктердің аса қауіптілігі жайында теріс ақпарат берді деп айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева күш құрылымдарының Елбасына не себепті тізгіні оң жақта орналасқан көліктердің қатысуымен болған жол-көлік апаттарының саны жайында теріс ақпарат бергендігін анықтауды ұсынған болатын.

"Күш құрылымдарының президентке жолдағы апаттардың басты көзі оң жақ тізгінді көліктер деп жалған ақпарат беруінің себебін анықтау керек", - деді Дариға Назарбаева Алматыда VI Еуразиялық медиа-форум шеңберінде өткен брифингте.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны