12.02.2015, 15:47 3923

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықова Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ Еуропалық өӊірлік бюросыныӊ директоры Жужанна Якабпен кездесті

Кездесуге денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.Қайырбекова, ДДҰ-ныӊ Қазақстан Республикасындағы өкілі Мелита Вуйнович, Республикалық медициналық палатаныӊ президенті М.Құлжанов қатысты

Астана. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Кездесуге денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.Қайырбекова, ДДҰ-ныӊ Қазақстан Республикасындағы өкілі Мелита Вуйнович, Республикалық медициналық палатаныӊ президенті М.Құлжанов қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекеттік хатшы Якаб ханымды Алматыда ДДҰ-ныӊ географиялық тұрғыдан шалғай орналасқан алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі офисініӊ ашылуымен құттықтады. Г.Ибдіқалықова Алматыда ДДҰ-ныӊ офисін ашу елеулі оқиға екенін, өйткені алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі ДДҰ/ЮНИСЕФ Декларациясы тұӊғыш рет 1978 жылы Қазақстанда қабылданғанын атап өтті. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

ДДҰ-ныӊ Алматыдағы офисі осы ұйымға мүше 53 мемлекеттіӊ іс-қимылын үйлестіруді жүзеге асыратын БҰҰ-ныӊ Еуропа өӊірі мен Орталық Азия аумағындағы алғашқы ірі офисі болып отыр.

Тараптар Қазақстан мен ДДҰ арасында ынтымақтастықтыӊ көптеген бағыттары бойынша берік әріптестік қатынастар қалыптасқанына қанағаттанушылық білдірді.

Г.Ибдіқалықова ДДҰ-ныӊ Еуропалық бюросына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ бастамасымен қолға алынған денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда консультативтік және техникалық белсенді көмегі үшін ризашылығын білдірді.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасыныӊ денсаулыққа, оныӊ ішінде бала өлімін азайту, ана денсаулығын жақсарту, АИТВ/ЖИТС-пен, туберкулезбен күреске байланысты Мыӊжылдық даму декларациясыныӊ мақсаттары мен міндеттерін орындауға зор мән беретінін айтты. Атап айтқанда, Қазақстан ана мен бала өлімініӊ, орташа өмір сүру ұзақтығыныӊ көрсеткіштерін және басқа да көрсеткіштерді жақсартты. 2009 жылдан бастап ана өлімі 3 есе азайды және 2014 жылы аман-есен туған 100 мыӊ балаға шаққанда 11,8 болды; нәрестелер өлімі 1,8 есеге азайды және 2014 жылы аман-есен туған 1000 балаға шаққанда 10,0 көрсеткішін құрады; ал межеленген өмір сүру ұзақтығы 70,4 жасқа жетті.

Кездесу қорытындысында Қазақстанныӊ ДДҰ Еуропалық Өӊірлік офисімен арадағы ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, Мыӊжылдық даму мақсаттарын іске асыру, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту мәселелері бойынша алдағы ынтымақтастығыныӊ негізгі басымдықтары айқындалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны