05.02.2015, 22:02 3830

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықова кеӊес өткізді

Кеӊесте этносаралық қарым-қатынастар мәселелері жөнінде Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ Ғылыми-сарапшылық кеӊесі бірлесіп өткізген әлеуметтік зерттеу нәтижелері қаралды

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Кеӊесте этносаралық қарым-қатынастар мәселелері жөнінде Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ Ғылыми-сарапшылық кеӊесі бірлесіп өткізген әлеуметтік зерттеу нәтижелері қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Отырысқа Президент Икімшілігініӊ басшылығы, мүдделі министрліктер мен ведомстволар өкілдері, ҚХА-ныӊ Ғылыми-сарапшылық кеӊесі мүшелері қатысты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Зерттеулер қорытындысын ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеӊесі төрағасыныӊ орынбасары, ҚР Президентініӊ жанындағы Мемлекеттік басқару академиясыныӊ Орталық Азиядағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығыныӊ жетекшісі Айгүл Сәдуақасова таныстырды.

Г.Ибдіқалықова әлеуметтік зерттеулер жүргізу объективті қажеттілік екенін, оныӊ қорытындылары мемлекеттік этносаясаттыӊ негізгі бағыттарын, іске асырылу жолдары мен әдістерін айқындауға септігін тигізетінін атап көрсетті.

Мемлекеттік хатшы таныстырылым қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны