13.05.2015, 15:55 3725

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықова Жапонияныӊ Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Масаеси Камохарамен кездесті

Кездесуге сондай-ақ Қазақстан тарапынан - Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымыныӊ орынбасары, Мәжіліс депутаты Е.Тарасенко, жапондық тараптан - Парламенттік білім, мәдениет, спорт, ғылым және технология аға вице-министрі М.Фудзии, Мәдениет агенттігініӊ дүниежүзілік мұралар жөніндегі бөлімініӊ директоры Т.Окамота қатысты

Астана. 13 Мамыр. Kazakhstan Today - Кездесуге сондай-ақ Қазақстан тарапынан - Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымыныӊ орынбасары, Мәжіліс депутаты Е.Тарасенко, жапондық тараптан - Парламенттік білім, мәдениет, спорт, ғылым және технология аға вице-министрі М.Фудзии, Мәдениет агенттігініӊ дүниежүзілік мұралар жөніндегі бөлімініӊ директоры Т.Окамота қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесуді ашқан Мемлекеттік хатшы Жапония Қазақстанныӊ маӊызды стратегиялық серіктесі екеніне тоқталды. Г.Ибдіқалықова Мемлекет басшысыныӊ 2008 жылдыӊ маусым айында Жапонияға жасаған сапарыныӊ нәтижесі стратегиялық серіктестікті нығайтуға ықпал еткенін айрықша атап көрсетті. Ол Қазақстан мен Жапонияныӊ үкіметтік және жекеменшік секторларыныӊ экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясыныӊ қызметін жоғары бағалады. Мәселен, 2014 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1,7 млрд. долларды құрады. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Иӊгіме барысында әлеуметтік-гуманитарлық саладағы Қазақстан-Жапония қарым-қатынасын дамытудыӊ өзекті мәселелері қозғалды. Г.Ибдіқалықова екі ел халықтарыныӊ артып келе жатқан өзара мүдделестігі жағдайында мәдени алмасулардыӊ маӊыздылығына ерекше тоқталып, мәдениет саласында екіжақты келісім жасау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Сонымен қатар тараптар гендерлік теӊдік мәселелерін, соныӊ ішінде 1995 жылы өткен БҰҰ-ныӊ әйелдер ахуалы жөніндегі төртінші бүкіләлемдік конференциясында қабылданған Пекин декларациясы және Іс-қимылдар тұғырнамасы аясындағы мәселелерді талқылады.

Кездесу соӊында Жапония елшісі Мемлекеттік хатшыға Жапонияныӊ Премьер-Министрі С.Абэніӊ биыл тамыз айында Токиода өтетін ІІ Бүкіләлемдік әйелдер конференциясына шақыруын табыс етті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны