25.01.2016, 09:28 6223

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік қызмет істері министрлігі жауапты хатшысыныӊ бұйрығымен Мемлекеттік қызмет істері министрлігініӊ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысы - Идеп жөніндегі кеӊесініӊ төрағасы лауазымына Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев тағайындалды.

Астана. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ғалым Сұлтанұлы 1970 жылы Оӊтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақ химия-технология институтын "инженер-құрылысшы - технолог" мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті жанындағы Мемлекеттік басқарудыӊ Ұлттық Жоғарғы Мектебін "мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "заӊгер" мамандығы бойынша бітірген.

Еӊбек жолын 1986 жылы жылу комбинатыныӊ жұмысшысы ретінде бастаған.

1993-1994 жылдары Шымкент қаласы Ил-Фараби аудандық әкімшілігініӊ жастар ісі, туризм және спорт басқармасыныӊ маманы, бас маманы қызметін атқарған.

1998 жылы Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігініӊ мемлекеттік қызметті реформалау басқармасыныӊ бас маманы.

2000 жылдан бастап түрлі лауазымдарда басшылық еткен. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігініӊ ОҚО бойынша басқармасы бастығыныӊ орынбасары, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігініӊ Қызылорда облысы бойынша басқармасыныӊ бастығы - облыстық Тәртіптік кеӊес Төрағасы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігініӊ Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасыныӊ бастығы - облыстық Тәртіптік кеӊес Төрағасы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратыныӊ басшысы, "Нұр Отан" ХДП ШҚОФ төрағасыныӊ бірінші орынбасары.

2011 жылдыӊ тамызынан 2014 жылдыӊ қарашасына дейін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігініӊ Қызылорда облысы бойынша басқармасыныӊ (2013 жылдан бастап Департамент) бастығы - Тәртіптік кеӊес Төрағасы.

Осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігініӊ Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысыныӊ орынбасары - Тәртіптік кеӊес Төрағасы қызметін атқарған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны