25.04.2007, 13:36 3167

Қазақстан Республикасының парламенті Еңбек кодексін қабылдады

АСТАНА. 25-сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар сенаттың Еңбек Кодексінің жобасына қатысты шешімімен келісті, деп хабаралайды Kazakhstan today агенттігі.

"Сенат мәжілістің өз редакциясында бекіткен сегіз ұстанымы бойынша өзінің келіспеушіліктерін танытып, келісім комиссиясының редакциясын қабылдады. Комитет (мәжілістің) сенат шешімімен келісуге болады, деп санайды",- деп мәлім етті жалпы отырыста мәжілістің Еңбек кодексінің жобасы жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, депутат Валерий Котович.

Сондықтан да, Еңбек кодексі парламентте қабылданды деп саналып, мемлекет басшысының қолын қоюға жіберіледі.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Еңбек кодексінің жобасы еңек нарығының тұрақты қызмет етуі және еңбек ұжымдарының мүдделерін бір ретке келтіру мақсатымен жасалған. Бұл құжат еңбек және ұжымдық келісімдердің жасалуы және орындалуын, еңбек дауларын шешуді қамтамасыз етеді.

Еңбек кодексінің жобасы еңбек дауларын екі деңгейде шешуге мүмкіндік береді. Оның бірі- келісім комиссиясы болса, екіншісі еңбек арбитражы немесе сот орындары болмақ. Құжатта жұмыс беруші мен жұмысшылардың еңбек келісімшарттарына өзгеріс енгізу мүмкіндіктері қарастырылған. Олар -қызметкерлерді аттестациядан өткізу, оқуға бару үшін демалыс алу және кәсіби деңгейін көтеру, сонымен қатар, (Қазақстанның ДСҰ енуіне байланысты) бәсекелестік етпеу туралы жайт. Сондай-ақ, еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мақсатымен жобада жартылай еңбекпен қамтамсыз ету, жұмысынан айырылып қалған жайда өтемақы алу және жұмысқа сағатпен жалдану сияқты жайттар қарастырылған.

Сонымен қатар, құжатта еңбек өнімділігін арттыру мақсатымен жұмысшылар мен жұмыс берушілерді ынталандыру еңбек қатынастарын заңдастыру реттері де көрініс тапқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны