08.04.2009, 19:07 3126

Қазақстан Республикасының премьер-министрі "TeliaSonera" компаниясының президентімен кездесті

Қазақстан Республикасының премьер-министрі "TeliaSonera" компаниясының президентімен кездесті

Астана. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов "TeliaSonera" компаниясының президенті Ларс Нибергпен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде компанияның қазақстандық телекоммуникациялық қызмет рыногын дамытуға қатысты алдағы жоспарлары талқыланды.

Л.Ниберг Қазақстандағы телекоммуникациялық қызмет рыногының әлеуеті жоғары екенін атап өтті.

Ол, сондай-ақ, компания Қазақстан нарығындағы қызметін әрі қарай кеңейтуге, озық технологияларды қолдану арқылы әлемдік дәрежедегі телекоммуникациялық қызмет түрлерін ұсынуға мүдделі екенін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны