01.10.2007, 15:41 2915

Қазақстан Республикасының президенті Бразилияға сапары барысында Федеративтік Республиканың жетекші компанияларының басшыларымен кездесті

Қазақстан Республикасының президенті Бразилияға сапары барысында Федеративтік Республиканың жетекші компанияларының басшыларымен кездесті


Астана. 1-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бразилияға Федеративтік Республикасына мемлекеттік сапары барысында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бразилияның жетекші компанияларының басшыларымен жүздесті және "Embrapa" ауылшаруашылық зерттеу корорациясына ат басын бұрды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Президент әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, әлеуетті мұнай-газ, геологтық барлау, агроөнеркәсіптік және ұшақ жасайтын компаниялардың басшыларымен кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның инвестициялық климаты жайында әңгімелеп берді. "Біздің еліміз инвестициялық жағынан әлем елдерінің ішінде ең тартымды 20 елінің және әлемдік Банктің инвесторларды қорғау көрсеткіші бойынша алғашқы бестіктің қатарында", - деді Нұрсұлтан Ибішұлы.

Сондай-ақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 1973 жылдан бері ауыл шаруашылық секторында жаңа технологияны жасаумен және енгізумен айналысатын "Embrapa" корпорациясын аралады. Қазақстан президенті корпорация жұмысымен танысып, биоотын және гендік инженерия өндірісінің лабораториясын тамашалады.

"Араларымыздың алшақтығына қарамастан, экономикалық ынтымақтастық үшін бізде сала жеткілікті. Жоғарғы деңгейдегі қол жеткізілген келісімдер екі елдің іскерлік орта өкілдері тарапынан тиімді жүзеге асырылады деген ойдамын", - деп атап өтті Бразилияның ірі компанияларының басшыларымен кездесуінде Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны