04.10.2007, 18:45 3086

Қазақстан Республикасының президенті шекаралас аймақтар басшыларының форумына қатысу үшін Новосибирскге келді

Қазақстан Республикасының президенті шекаралас аймақтар басшыларының форумына қатысу үшін Новосибирскге келді


Новосибирск. 4-қазан. "Қазақстан Бүгін" – Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей-Қазақстандық шекаралас аймақтар басшыларының IV форумына қатысу үшін Новосибирскге келді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Новосибирск облысы әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Новосибирскнің әуежайында Н. Назарбаевті Ресей Федерациясы президентінің Сібір федералдық округіндегі өкілетті өкілі Анатолия Квашин, Новосибирск облысының губернаторы Виктор Толоконский, Новосибирскнің әкімі Владимир Городецкий қарсы алды. "Президент кортежі әуежайдан облыстық әкімшілікке қарай жол тартты",- деп айтылған хабарламада.

Сонымен қатар жергілікті уақыт бойынша 16.30 (Астана уақытымен 15.30 – агенттік ескертп.) Толмачево әуежайына Ресей федерациясының президенті Владимир Путиннің ұшағы келіп қонды, - деп хабарлады баспасөз қызметінен. Сондай-ақ "екі елдің президенттері шекаралас аймақ басшыларының форумына қатысып, екіжақты кездесу өткізеді",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны