20.04.2007, 12:49 3511

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік антитеррористік орталықтармен байланысын кеңейтпек


АСТАНА. 20 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті басқа мемлекеттердің антитеррористік құрылымдарымен тәжірибелік байланысын кеңейтпек. Бұл туралы "Халықаралық терроризм - мемлекет қауіпсіздігіне төнген қауіп" атты халықаралық ғылыми-практикалық бас қосуда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Владимир Божко мәлім етті.

"Қазіргі уақытта Ұлттық қауіпсіздік комитетінің антитеррористік орталығы АҚШ-тың ұлттық контртеррористік орталықтарымен, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының антиттеррористік бөлімшелерімен, Федеративтік Германия Республикасының біріккен антитеррористік орталықтарымен, Ұлыбритания, Египет, Израил, Франция және басқа да бір қатар елдердің антитеррористік орталықтарымен тәжірибелік қарым-қатынас орнату туралы мәселе көтерілген",- деді В. Божко.

Ол, қазақстандық арнаулы қызметтер Ресей, Қытай, Беларусия және Украинадағы серіктестіктерімен тәжірибелік қатынас орнатып үлгергендігін еске сала кетті. "Біз қатынасымызды одан әрі дамытуды ұстанамыз",- деп атап көрсетті В. Божко.

В. Божков, терроризөммен күрес орталықтарының жұмыс тәжірибесімен алмасуда қарым-қатынас орнату бірінші кезекте мамандардың дайындық деңгейін көтеру үшін қажет, деп санайды. "Біз өзіміздің сарапшыларымыздың кәсіби дайындығын көтеру үшін мамандармен алмасуға, біріккен тренингтер мен сынақтар өткізуге дайынбыз, және де мұндай ынтымақтастық біздің тарапымыздан белсенді және кең қолданылады",- деп атап көрсетті.

Ол сондай-ақ, "ұлттық, халықаралық деңгейде қолданылатын антитеррористік шаралардың тиімді түйісуін" қамтамасыз ететін ұлттық заңдарды одан әрі қалыптастыру және үйлестіру қажеттігін атап өтті.

"Терроризммен күрестегі басым міндеттерінің бірі біріккен антитеррористік іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізуге бағытталған халықаралық және мемлекетаралық келісімдерді іс жүзінде жүзеге асыру болып табылады",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны