21.07.2015, 17:21 3337

Қазақстан шетелде өндірілген құс етін өткізуге уақытша тыйым салды

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасыныӊ аумағында жосықсыз өндірушілер өндіретін құс етін өткізу уақытша тоқтатылғаны туралы хабардар етеді, деп хабарлады ҚР ҰЭМ

Астана. 21 Шілде. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасыныӊ аумағында жосықсыз өндірушілер өндіретін құс етін өткізу уақытша тоқтатылғаны туралы хабардар етеді, деп хабарлады ҚР ҰЭМ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мұндай шешім санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманыӊ нәтижелері бойынша мынадай өндірушілерден патогенді микрофлоралардыӊ (Salmonella) анықталуы бойынша қабылданды:

""Мясоптицекомбинат "Благодарненский" ААҚ-ы өндіретін "Благояр" балапан еті (Ресей Федерациясы, Ставрополь өлкесі, Благодар қаласы), "Мироновская птицефабрика" ЖАҚ өндіретін бройлер балапан ұшасы (Украина, Черкасск облысы, Канев ауданы, Степанцы селосы), "Нагайбакский птицеводческий комплекс" ЖШҚ өндіретін бройлер балапан және бройлер балапанныӊ төс еті (Ресей Федерациясы, Челябі облысы, Нагайбак ауданы), Юбилейное" ЖШҚ өндіретін "Хорошее дело" бройлер балапан ұшасы (Ресей Федерациясы, Мордовия Республикасы, Чамзин ауданы, Чамзинка кенті)", - делінген хабарламада, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Тиісті хабарлама Еуразиялық экономикалық қауымдастық елдерініӊ уәкілетті органдарына жіберілді.

Тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасыныӊ бөлшек сауда желісін Кеден одағыныӊ техникалық регламенттеріне сәйкес келмейтін өнімдерді сатуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы ескертеді және тұтынушыларды Комитеттіӊ департаменттерін бөлшек сауда желілерінде аталған өндірушілердіӊ өнімдерін өткізу фактілері туралы белсенді түрде хабардар етуге шақырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны