10.12.2007, 14:15 1514

Қазақстан шикізаттан басқа салаға инвестиция жұмсауға ниетті инвесторларға артықшылық береді - Назарбаев

Қазақстан шикізаттан басқа салаға инвестиция жұмсауға ниетті инвесторларға артықшылық береді-Назарбаев

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан шикізаттан басқа салаға инвестиция жұмсауға ниетті инвесторларға артықшылық береді, деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Біздер Қазақстанның құрылыс индустриясына шетелдің серіктеріміздің қатысуын және экономикадағы шикізаттан басқа секторларына жаңа технологиялар мен инвестицияның құйылуын күтудеміз. Мемлекет индустриясын көтеруге қатысатын серіктерімізге, болашақта, қуат көздері мен минералды шикізат кен орындарын пайдалануға беру кезінде артықшылық беріледі", - деп мәлемдеді мемлекет басшысы Қазақстанда аккредитацияланған шетелдік дипломатиялық корпус алдында.

"Бұл екі жақты тиімді прагматикалық әдіс", - деп атап өтті ол.

"Жыл сайын халықаралық экономика алаңында Қазақстанның ролі жылдан жылға көтерілуде. Біздің ел жаһандану нарығына мұнай, газ, минералды ресурстар мен бидай шығаруда. Сонымен қатар, Қазақстан өнімін алып отырған барлық елдердің тұрақтылық, ұзақ мерзімділік сияқты мүдделерін біздің мемлекет қамтамасыз етіп отыр, - деп атап өтті президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны