08.04.2010, 15:28 2961

Қазақстан ШЫҰ мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығуларын ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісімді ратификациялады

Қазақстан ШЫҰ мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығуларын ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісімді ратификациялады

Астана. 8 сәуір. Kazakhstan Today - Президент Нұрсұлтан Назарбаев "ШЫҰ мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығуларын ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысына сәйкес, келісімнің мақсаты ШЫҰ мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығуларын ұйымдастыру және өткізу үшін құқықтық негіз қалыптастыру болып табылады.

Келісім ережелерімен терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығулардың мақсаты мен міндеттері және оны әзірлеу мен өткізуді реттеудің негізгі аспектілері белгіленіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны