06.01.2016, 18:35 4713

Қазақстан сутегі бомбасын сынақтан өткізген КХДР-дыӊ әрекетін айыптайды - ҚР СІМ

"2016 жылдыӊ 6 қаӊтарында Корей Халықтық-Демократиялық Республикасы сутегі бомбасыныӊ сынақтары сәтті өткендігін мәлімдеді. Осыған байланысты, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ 1718 (2006), 1874 (2009), 2087 (2013) және 2094 (2013) қарарларына қайшы келетін КХДР-дыӊ осындай іс-әрекетіне түпкілікті келіспейтіндігін және сөзсіз айыптайтындығын жариялайды", - делінген мәлімдемеде.

Астана. 6 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР Сыртқы істер министрлігі Корей Халықтық-Демократиялық Республикасы сутегі бомбасыныӊ сынақтарын өткізуіне байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2016 жылдыӊ 6 қаӊтарында Корей Халықтық-Демократиялық Республикасы сутегі бомбасыныӊ сынақтары сәтті өткендігін мәлімдеді. Осыған байланысты, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ 1718 (2006), 1874 (2009), 2087 (2013) және 2094 (2013) қарарларына қайшы келетін КХДР-дыӊ осындай іс-әрекетіне түпкілікті келіспейтіндігін және сөзсіз айыптайтындығын жариялайды", - делінген мәлімдемеде.

Ведомствоныӊ жазуынша, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттыӊ (ЯСЖТШ ) XIV бабы бойынша 9 конференциясына Жапониямен бірге теӊ төрағасы болып табылатын Қазақстан КХДР-дыӊ бұл iс-әрекеттері халықаралық қоғамдастықтыӊ ядролық қарусыздануға, жалпы қаруды таратпау режимін және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға қосып жатқан күш-жігеріне елеулі нұқсан келтіреді және аталған шарттыӊ қабылдануына қатысты халықаралық қауымдастықтыӊ жасап жатқан істерге зиянын тигізеді деп есептейді.

"Ядролық қарудыӊ бүкіл нәубетін сезінген Қазақстан, өз еркімен ядролық арсеналдарды ие болудан бас тартқан ел ретінде, БҰҰ Бас Ассамблеясында 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күні ретінде жариялау туралы қаулыны қабылдаған мемлекет ретінде, әлемде ядролық сынақтардыӊ толық тыйым салуды құптайды, сонымен қатар ҚХДР-ды ядролық менмендіктен бас тартуға және жедел түрде Қытай, Ресей , АҚШ, Корея Республикасы мен Жапония қатысуымен алты жақты форматтағы ядролық мәселе бойынша келіссөздерді қайта жалғастыруға үндейді", - дейді ҚР СІМ.

Министрліктіӊ жазуынша, Қазақстан ұстанымы бойынша, қауіпсіздік пен тұрақты дамуға кілті ядролық қару емес, халықаралық қатынастарда бейбіт келіссөздер және өзара тиімді ынтымақтастық екендігіне кәміл сенімді.

"Жаһандық қауіпсіздіктіӊ кепілі әлемді ядролық қарудан азат ету арқылы қол жеткізіледі. Бұған біздіӊ еліміз бен 21-ші ғасырда адамзатты ядролық қарусыз қоғам құруға шақырған Президент Нұрсұлтан Назарбаев жүйелі үндеп келеді", - делінген мәлімдемеде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны