09.06.2016, 13:27 4617

Қазақстан терроризммен күрестегі өз әдіс-тәсілдерімен бөлісуге және басқа елдердіӊ тәжірибесін зерттеуге дайын - Б.Сағынтаев

Республиканыӊ ұлттық заӊнамасын халықаралық міндеттермен сәйкестеу мемлекеттік саясаттыӊ басты бағыты болып табылады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Премьер-Министрініӊ Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев қылмыстық кірістерді заӊдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтыӊ (ЕАТ) XXIV Жалпы отырысы барысында

Астана. 9 маусым. Kazakhstan Today - Республиканыӊ ұлттық заӊнамасын халықаралық міндеттермен сәйкестеу мемлекеттік саясаттыӊ басты бағыты болып табылады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Премьер-Министрініӊ Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев қылмыстық кірістерді заӊдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтыӊ (ЕАТ) XXIV Жалпы отырысы барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2008 жылы құзіретті органдар - ҚР ҚМ Қаржылық мониторинг жөніндегі комитет, құқық қорғау органдары, мониторингті реттегіштер мен субъектілерден құралған қылмыстық кірістерді заӊдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдыӊ ұлттық жүйесі құрылған болатын, Ұлттық заӊнаманы халықаралық қабылданған міндеттермен сәйкес келтіру Президент Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "ҚР құқықтық саясатыныӊ 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы" бағдарламалық құжатында белгілеген мемлекеттік саясаттыӊ басты бағыты болып табылады", - деді Б.Сағынтаев, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Үкімет басшысыныӊ орынбасары "Қазақстан әрдайым өзініӊ шетелдік серіктестерімен барлық мәселелер бойынша диалогқа ашық екенін және өз әдіс-тәсілдерімен бөлісуге, әлемдік зұлымдықпен күрестегі басқа елдердіӊ тәжірибесін қолдануға дайын екенін" айтып өтті.

Оныӊ айтуынша, Қазақстан тұрақтылықты сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамзат пен әлемге төнген қауіп-қатерге қарсы әрекет ету бойынша барлық қажетті шараларды қолдануда. Бұл терроризм мен экстремизмге, сондай-ақ мемлекет пен жалпы өӊірдіӊ негізін бұзатын қылмыстарға қатысты.

Қаржылық мониторинг жөніндегі комитет 2011 жылдан бастап "Эгмонт" қаржылық барлау бөлімшелері тобыныӊ мүшесі болып табылады, бұл 150 елмен жедел ақпарат алмасуға мүмкіндік беретінін айта кеткен жөн. Белсенді өзара іс-қимыл мен ақпараттық алмасу Ұлыбритания, АҚШ, Австрия, Швеция, Ресей, Қырғызстан, Балтық маӊы және басқа елдермен жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны