07.10.2008, 19:29 2965

Қазақстан үкімет басшысы бірқатар компаниялардың жетекшілерімен кездесті

Қазақстан үкімет басшысы бірқатар компаниялардың жетекшілерімен кездесті

Астана. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім бүгін Мәсімов "ИСТ" компаниясы тобының вице-президенті Николай Добриновпен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында жүк вагондарына арналған жаңа буынды теміржол тіркемелерін шығаруға қатысты құю цехы зауытының құрылыс жобасы туралы мәселе талқыланды.

Премьер-министр ресейлік компанияның инвестициялық ұсынысын мақұлдап, жобаны дереу іске асыру үшін ынтымақтастықты тереңдетуге шақырды.

Сондай-ақ, бүгін үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Мечел" ААҚ бас директоры Игорь Зюзинмен кездесті.

Кездесуде компанияның тау-кен өндіру және металлургия өнеркәсібі саласындағы инвестициялық қызметінің болашағы талқыланды.

И.Зюзин премьер-министрді "Мечел" компаниясының Ақтөбе облысының аумағында ферроқорытпа зауытының құрылысы және хром кен орнын игеру жөніндегі жоспарларымен таныстырды.

К.Мәсімов ресейлік компанияның бастамасын мақұлдай отырып, Қазақстанның инветорлармен қарым- қатынасқа дайын екенін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны