09.06.2009, 09:50 1196

Қазақстан үкімет басшысы мен Ресей президенті екі жақты ынтымақтастықтың жай-күйін талқылады

Қазақстан үкімет басшысы мен Ресей президенті екі жақты ынтымақтастықтың жай-күйін талқылады

Астана. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеуде кеше Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевпен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың, атап айтқанда мемлекеттер арасындағы өзара экономикалық байланыстарды кеңейтудің жай-күйі қаралды.

Кәрім Мәсімов Дмитрий Медведевті Санкт-Петербург қаласында өткен ХІІІ халықаралық экономикалық форумның және бірінші бүкіләлемдік астық форумының сәтті өтуімен құттықтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны