27.08.2009, 16:06 3006

Қазақстан үкімет басшысы мен Ресей Сбербанкінің президенті банк саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың мәселелерін талқылады

Қазақстан үкімет басшысы мен Ресей Сбербанкінің президенті банк саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың мәселелерін талқылады

Астана. 27 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ресей Сбербанкінің басқарма төрағасы, президенті Герман Грефпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде халықаралық қаржы рыногындағы ағымдағы жағдай, сондай - ақ, банк саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың мәселелері және Ресей Сбербанкінің қазақстандық қаржы рыногындағы жұмысын әрі қарай дамыту туралы әңгіме өрбіді.

Г.Грефтің мәліметі бойынша биыл Ресей Сбербанкі Қазақстандағы операциялардың көлемін 20 пайызға арттырып, жыл соңында дейін бұл деңгейді 50 пайызға дейін жеткізуге ниетті.

Ресей Сбербанкінің басшысы премьер - министрге Қазақстан және Ресей президенттері қол жеткізген келісімдерді "Самұрық - Қазына" ҰИҚ бірлесіп іске асырудың барысы туралы хабарлады. "Біз Қазақстан аумағымен бірге, Ресей аумағында да жүзеге асырылып жатқан жобаларымызды талқыладық. Бізде ынтымақтастықты дамытудың кең ауқымды жоспарлары бар",-деді Г.Греф.

Ағымдағы макроэкономикалық жағдайды, сондай - ақ, әлемдегі дағдарыстың даму сценарийін талқылай отырып, тараптар "Қазақстан мен Ресей экономикаға түскен ауыртпалықтың қарбалас кезеңінен өткенін" және қазіргі таңда экономиканың біртіндеп қалпына келу кезеңінің басталғанын атап өтті.

"Біздің болжамымыз бойынша келесі жылы шамалы экономикалық өсім басталады",- деді Г.Греф.

"Осы кезеңдегі Қазақстан үкіметінің іс - әрекеті - бұл, оның ішінде , қазақстандық банктерді, бүкіл қаржы секторын құтқарудағы өте тиімді қадам. Қолға алынған шаралардың арқасында банк салымшылары үшін және бүкіл халық үшін дағдарыстың келеңсіз салдары сезілмей өтті. Мұндай посткеңестік тарихта бірінші рет, мемлекет негізгі проблемаларды өз мойнына ала отырып, ауыр зардаптарға жол берген жоқ",- деді, ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны