02.06.2008, 19:50 2861

Қазақстан үкімет басшысы мен "Ресей темір жолдары" ААҚ президенті екі мемлекеттің бірлескен жобаларын одан әрі жүзеге асыру келешегі туралы талқылады

Қазақстан үкімет басшысы мен "Ресей темір жолдары" ААҚ президенті екі мемлекеттің бірлескен жобаларын одан әрі жүзеге асыру келешегі туралы талқылады

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Ресей темір жолдары" ААҚ президенті Владимир Якунинмен кездесті, деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстан мен Ресейдің темір жол көлігі саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің аумағында транзиттік мүмкіндікті және ресейлік вагондар паркін пайдалана отырып, Қазақстанның темір жол саласын реформалау қарқыны, сондай-ақ екі мемлекеттің бірлескен жобаларын одан әрі жүзеге асыру келешегі туралы тақырыпты көтерді.

Тараптар темір жол саласын реформалау жөніндегі өзара тығыз іс-қимылды қамтамасыз етудің пайдалылығы, бірыңғай технологиялық тексеріс жүргізуді әзірлеу және нақты уақыт тәрбітіне қатысты электронды құжат айналымы бойынша озық технологияны ендіру туралы үйлестірілген күш жұмсау қажеттігі туралы бірыңғай пікірге келді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны