23.04.2008, 18:11 2601

Қазақстан үкімет басшысы Изербайжанның экономикалық даму министрімен кездесті

Қазақстан үкімет басшысы Изербайжанның экономикалық даму министрімен кездесті

Астана. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін Изербайжан Республикасының Экономикалық даму министрі Гейдар Бабаевпен кездесті, деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тараптар екі жақты қазақстан-әзірбайжан сауда-экономикалық және өңірлік ынтымақтастығының кейбір мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Г. Бабаев Қазақстан үкіметінің басшысын бүгін аяқталған қазақстан-әзербайжан үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысының қорытындыларынан хабардар етті.

"Илемде болып жатқан ұқсас экономикалық құрылымдар мен процестерге деген көзқарастар кезінде, біз қазіргі заманғы проблемаларға қарсы күресте тәжірибе бөлісіп, тығыз өзара іс-қимыл жасауымыз қажет. Біздің өзара қарым-қатынастарымызда проблема жоқтығына қуанамын. Дегенмен, қиындықсыз шешімін табатын кейбір мәселелер бар", - деп түйіндеді сөзін Г. Бабаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны