21.05.2009, 15:09 2534

Қазақстан үкімет басшысы жаңа индустрия және сауда министріне мекемеге қосымша өкілеттіліктер беру жөніндегі ұсыныстарды қысқа мерзімде дайындауды тапсырды

Қазақстан үкімет басшысы жаңа индустрия және сауда министріне мекемеге қосымша өкілеттіліктер беру жөніндегі ұсыныстарды қысқа мерзімде дайындауды тапсырды

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстан үкімет басшысы жаңа индустрия және сауда министрі Исет Исекешевке мекемеге қосымша өкілеттіліктер беру, бірқатар құрылымдар мен мекемелерді ҚР ИСМ қарамағына беру жөніндегі ұсыныстарды қысқа мерзімде дайындауды тапсырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бүгін мемлекет басшысы индустрия және сауда министрі Владимир Сергеевич Школьникті басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметтен босату туралы жарлыққа қол қойды. Владимир Школьник президенттің өзіне сеніп тапсырған барлық жұмыстарында алға қойылған міндеттерді абыроймен орындап келеді", - деді Кәрім Мәсімов.

"Ел экономикасының дамуындағы маңызды мақсаттардың бірі - атом энергетикасын басқару. Мен айтар едім, бұл тіпті мұнайгаз саласынан қуатты болмаса, әлсіз сала емес. Сол себепті Владимир Сергеевичті "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК басшысына тағайындауға нұсқау береміз", - деді премьер-министр.

Жаңа индустрия және сауда министрін таныстырған Қазақстан үкімет башысы оған мекемеге қосымша өкілеттіліктер беру, бірқатар құрылымдар мен мекемелерді ҚР ИСМ қарамағына беру жөніндегі ұсыныстарды қысқа мерзімде дайындауды тапсырды.

Кәрім Мәсімовтың айтуынша, мәселен, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің қарамағына даму институттары, Қазақстанның Даму банкі өтуі мүмкін. "Мен директорлар кеңесін өзіңіз тікелей басқаруыңыз қажет деп санаймын", - деді премьер-министр.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан президентінің жарлығымен Исет Исекешев индустрия және сауда министрі болып тағайындалды.

Мекеменің бұған дейінгі басшысы Владимир Школьникті үкімет басшысы "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК басшысына тағайындауға нұсқау берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны