31.05.2010, 17:12 8135

Қазақстан үкіметі 5 жасқа дейінгі балалардың денсаулығын айрықша қадағалау қажеттігіне назар аударады

Қазақстан үкіметі 5 жасқа дейінгі балалардың денсаулығын айрықша қадағалау қажеттігіне назар аударады

Астана. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін денсаулық сақтау саласын 2011-2015 жылдары дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылауға арналған үкіметтегі кеңейтілген кеңесте үкімет басшысы Кәрім Мәсімов 5 жасқа дейінгі балалардың денсаулығын айрықша қадағалау қажеттігіне назар аударады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Денсаулық сақтау саласын 2011-2015 жылдары дамытудың мемлекеттік бағдарламасында балалық шақтағы дамуға қатысты мәселеге бөле-жара назар аудару қажет. Ийел босанғанға дейінгі сәттен бастап, босанғаннан кейін және бала бес жасқа толғанша ", - деді Кәрім Мәсімов.

Үкімет басшысының айтуынша, бала ананың жатырында біткен сәттен бастап 5 жасқа дейінгі кезең - "адамның жалпы ағзасы 70% қалыптасатын кезең. Бұл - аса маңызды кезең, бұл - біздің болашағымыз", - деді ол.

Бұл тапсырманың орындалуын қадағалау үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаевқа жүктелді.

"Денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасын жасауда баса назар аударатын тағы бір сәт - халықаралық статистикалық көрсеткіштер. Халықтың 20%-ы өлім көрсеткіші жағынан ең қатерлі болып саналатын 7 ауруды емдеу шығындарының 80%-ын өзіне жүктеп алады", - деді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны